Биылғы оқу жылында Түркістан облысы бойынша 568 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын аттайды. Оның 50 мыңнан астамы білім ұясына биыл қабылданғандар. Жауаптылардың сөзінше, жаңа оқу жылына дайындық қарқынды. Білім ұяларымна оқулықтар сатып алуға облыстық бюджеттен 7,1 млрд теңге бөлінген. Сонымен қатар әлеуметтік осал санаттағы 60 298 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдық алуға қаржы қарастырылып отыр. Бұл туралы Облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов өңір басшысының қатысуымен өткен апталық мәжілісте баяндады.