Шілденің шіліңгірі тек адамдарға емес, автожолдарға да салмақ салуда. Соңғы күндері ауа температурасының 40 градустан асуы салдарынан Түркістан облысындағы бірқатар цементбетон жолдарында деформация байқалды. Мамандар мұны төтенше жағдай емес, жоғары температура кезінде болатын табиғи физикалық құбылыс деп түсіндіреді.