Оңай олжаға құмартқандардың тағы бір тобы құрықталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті шетелдік дропперлердің көмегімен жұмыс істеген заңсыз онлайн-казиноның жолын кесті. Тергеу мәліметінше, астыртын ойын бизнесін Қазақстан азаматтары Грузия аумағынан басқарған. Олар қаржының ізін жасыру үшін шетел азаматтарының атына банк карталары мен мобильді банкинг рәсімдеп, заңсыз ақшаны айналымға енгізіп келген. Тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеген виртуалды құмар ойын алаңына 20 мыңнан астам адам тартылған.