Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында республикалық «Қауіпсіз үй» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті. Ондағы мақсат құқық бұзушылық фактілерін дер кезінде анықтап, зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету. Жалпы, Түркістан облысында жыл басынан бері отбасылық жанжалдарға қатысты 2500-ден астам шақырту түскен. Ал қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған 95 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.