Елімізде егін ору науқаны басталды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, егіс алқаптарының өнімділігі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда едәуір артқан. Бүгінде 634 мың тонна дәнді дақыл бастырылып, орташа өнімділік гектарына 20,6 центнерден болып отыр. Ал, өткен жылы өнім гектарына 12,2 центнерден айналған еді. Егін орағы науқанын уақтылы әрі сапалы өткізу үшін шаруаларға мемлекет тарапынан 401 мың тонна арзан бағадағы дизель отынын бөлу көзделген. Сондай-ақ, диқандар қажетті техникалармен қамтамасыз етілді,-дейді жауаптылар. Айта кетейік, бүгінле еліміздің ауыл шаруашылығы құрылымдарында 133,9 мың трактор, 71 мыңнана стам тұқым сепкіш және 188 мыңдай топырақ өңдеу техникасы бар.