Кәсіпкерлерді жарнама мен тариф жайы алаңдатады

5
2026-07-17

Өңірлік кәсіпкерлік палатасында 2 мәселе қаралды. Алғашқысы, жарнама жайы болса, екінші мәселе тариф бағасы туралы. Тарқатып айтсақ, ҚазАвтоЖол бойындағы жарнама обьектісіндегі баға тарифы. Осыған дейін,  аудандық жер деп сараланған аймаққа республикалық деңгейдегі тариф бағасы бекітілген. Жауаптылар сұраныс жіберсек те нақты шешімі болмады дейді. Ал Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде шарт талаптарының өзгеруіне қатысты өтініш түскен. 49 жыл мерзімге жасалған шарт негізінде кәсіпкер аталған паркке ай сайын 2 гектар жер учаскесін пайдаланғаны үшін айына 10 мың теңге мөлшерінде төлем жүргізуге міндетті болған.