23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық аясында Түркістанда саяси партиялардың өкілдеріне арналған семинар-кеңес ұйымдастырылды. Жиынға елімізде тіркелген жеті саяси партияның өкілдері қатысып, сайлау науқанының құқықтық ерекшеліктері, үгіт-насихат жүргізу тәртібі, байқаушылар мен сенімді өкілдердің құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндірілді. Мамандар сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуде барлық талаптың қатаң сақталуы маңызды екенін атап өтті. Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарға жауап алып, алдағы сайлау науқанына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.