Зорлық зомбылыққа қарсы рейд жүргізілді

9
2026-07-17

Түркістан облысында жыл басынан бері отбасылық жанжалдарға қатысты полицияға 2500-ден астам шақырту түскен. 2461 азаматқа қорғау нұсқамасы шығарылып, оның талаптарын елемеген 95 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осыған байланысты 17-19 шілде аралығында облыс көлемінде «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында полиция қызметкерлері мен психологтар тұрғындармен кездесіп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар профилактикалық есепте тұрған азаматтар тексерілді.