Түркістан облысында ішімдіктен бас тартқан елді мекендер саны артып келеді. Осыдан 2 жыл бұрын «Ішімдіксіз ауыл» жобасын 30 ауыл қолдаса, бүгінде олардың саны 80-ге жетті. Мәселен Түлкібас ауданының «Келтемашат» ауылдық округіндегі дүкендерде 10 жылдан бері ішімдік сатылмайды. Соның нәтижесінде ауылда қылмыс жасалмайтын болған. Бұл ретте ауыл ақсақалдары мен учаскелік полиция инспекторының еңбегі орасан,-дейді ауыл тұрғындары.