Түркістан облысында 2022 жылдан бері «Қазақстан Халқына» қорының қолдауымен құны 12 млрд. теңгеден асатын жобалар жүзеге асып келеді. Әсіресе, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және әлеуметтік қорғау салаларына қомақты қолдау көрсетілген. Биыл да қордың арқасында өңірдегі 100 ауыл мектебінде заманауи пән кабинеттері жасақталады. Бұл туралы «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Түркістан облысының әкімімен кездесу барысында айтты. Жиында өңір басшысы қор басшылығына Түркістан өңіріне көрсетіп отырған тұрақты қолдауы үшін алғыс айтып, ризашылығын білдірді.