Көксарайға жиналған су өткен жылмен салыстырғанда 1 млрд текше метрге аз. Бұл - Түркістан өңірінде ағын судың тапшылығына әкеп соқтыруы мүмкін. Осы тығырықтан шығу жолдары Түркістанда өткен халықаралық конференцияда талқыланды. 5 мемлекеттің өкілдері екі ай бойы су шаруашылығы мәселелерін ақылдасты. Түркістан облысының дихандары ағын суды ежелден Тоқтағұл қоймасынан алады. Сондықтан қос тарап өзара келісімге келген болатын. Өзбекстан және Қазақстандық жағы айырқалпақты ағайындарды жарықпен, ал олар бізге қажетті су беруі тиіс. Ал, соңғы кездері ондағы су деңгейі төмендеп кеткен. Ал, Түркістанның климатын ретке келтіру үшін бірнеше су қоймалары салынды. Соның бірі «Кеңсай - Қосқорған - 2». Жаңа тоған салу арқылы 31,0 млн.текше метр ағын су жеткізіледі деп күтілуде. Құрылыс жұмыстары қазір толық аяқталып, оған 14 млн.текше метр су жиналды. Бұдан бөлек, соңғы 2 жылда 172 шақырым 23 каналды жөндеу және 241 шақырым 121 қашыртқыға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 92 мың га суармалы жердің жағдайы жақсарды. Бұл шекаралас жатқан елдер үшін ортақ мәселе. Сондықтан екі күндік кеңесте өзекті мәселелер талқыланып, көршілес елдермен келісімге келу жоспарлануда.