Орман өрке оранды

9
2026-07-16

Абай облысында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватынан өрт шықты. Тілсіз жауды ауыздықтауға төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, ішкі істер, қорғаныс министрліктерінің, ұлттық қауіпсіздік комитетінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оқиға орнында 600 адам жұмыс істеуде. Сондай-ақ, 48 б техника мен 7 тікұшақ жұмылдырылған. Жауаптылардың сөзінше қазіргі уақытта орман өртін оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қауіпсіздік мақсатында оқиға орнына жақын орналасқан лагерьдегі 200-ге жуық бала қауіпсіз жерге көшірілген. Мамандардың айтуынша, қызыл жалын 60 гектар жерге дейін жайылған. Апатап ыстық  өртті жылдам сөндіруге тұсау болып жатыр.