Түркістан облысында ірі кластерлік және инвестициялық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Соның бірі – мақта шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізу. Бүгін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өңірдегі бірқатар өндіріс орындары мен шаруа қожалықтарының жұмысымен танысып, ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа бастамаларға қолдау білдірді.