Түркістан облысында суармалы егіншілікті дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі аяқталды. Ордабасы ауданындағы ұзындығы 26 шақырымнан асатын «Найман» каналы күрделі жөндеуден өтіп, қайта пайдалануға берілді. Нәтижесінде су ысырабы азайып, мыңдаған гектар егістік алқапты тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалды.