Шомылу маусымы басталғалы елімізде 69 бала суға батып кетіп, көз жұмды. Жазатайым оқиғалардың басым бөлігі шомылуға рұқсат етілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға түсу кезінде болған. Балалар көбіне ағысы қатты, иірімі терең жағажайларда демалғанды жөн көреді. Сондықтан Ішкі істер министрлігі ата-аналардыбалаларына бақылауды күшейтуге шақырды. Егер тыйым салынған жерлерде шомылсаңыз Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 364-бабы бойынша жауапкершілікке тартыласыз. Жыл басынан бері талапқа құлақ аспаған 2700-ден астам адам жауапқа тартылды.