Түркістан
EN

Биыл 962 шақырым канал пайдалануға беріледі

44
16.07.2026

Қазір елімізде 4,6 мың шақырымнан асатын суару каналдарын реконструкциялау және жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жыл соңына дейін 962 шақырымы пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 200 мың гектарға жуық егіс алқабына су жеткізу ісі жақсарады,-дейді мамандар. Сондай-ақ, бұған дейін реконструкциядан өткен жалпы ұзындығы 1184 шақырым болатын 270 каналдағы қолымен атқарылатын жұмыстарды автоматтандыру ісі  қарқынды жүріп жатыр. Айта кетейік, 2024-2025 жылдары министрлік шамамен 1,5 мың шақырым суару каналын реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарын аяқтады.