Түркістан
EN

Шымкентте 7-20-25 бағдарламасымен үй алмақ болғандар шу шығарды

298
27.04.2022

Шымкентте тағы да баспана дауы. 7-20-25 мемлекеттік бағдарламасы арқылы конкурстан өткендер тұрғын үйге қол жеткізе алмай қалуы мүмкін. Өйткені осы мәселеге қатысты шудан кейін министрлік конкурс заңсыз өткізілгенін хабарлап, «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер несиесін рәсімдеуді тоқтатқан. Ал шенеуніктердің кесірінен далада қалдық деген жұрт алғашқы жарнасы төленіп қойған пәтерлерді беруді тоқтатпауды талап етіп отыр. Қажетті құжат жинау үшін бармаған жері қалмаған жұрт өздерінің мемлекеттік және бюджеттік мекмеде жұмыс істемейтіндерін айтады.  Үй алуға ниеттілер несиелерін жауып, тіпті бар мал-мүліктерін сатқан. Билік өкілдері тұрғын үй несиесін қаржыландыруда екінші деңгейлі банктердің де қысқарғанын айтады. Енді бар мәселе тек  «Отбасы банкіне тіреліп тұр.