«ТҰРАН» МЕН «БИИК» МАТЧЫ 0:5 ЕСЕБІМЕН АЯҚТАЛДЫ
үркістан Арена» стадионында әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының кезекті матчы өтті. Жергілікті «Тұран» өз алаңында Шымкенттік БИИК командасын қабылдады. Алайда түркістандық команда ел чемпиондарының қарқынына төтеп бере алмады. Қонақтар ойын тізгінін толық өз қолына алып, қарсылас қақпасына жауапсыз бес гол соқты. Осылайша «БИИК-Шымкент» турнир кестесіндегі көшбасшылық орнын нығайтты. Матчты тамашалауға келген жанкүйерлердің айтуынша, бүгінде әйелдер футболына қызығушылық артып келеді. Олар алдағы жылдары жанкүйерлер саны көбейіп, бұл спорт түрі елімізде одан әрі дами түсетініне сенімді.
МҰХТАР ЕРМЕКОВ ЖАНКҮЙЕР
Қазір мына жерде болелшиктер сәл аздау. Түбі бұл да сондайға келеді деп ойлаймын. Ал енді бүгінгі ойынға келетін болсақ БИИК командасы тамаша ойнап жатқан орны бар. Бірінші таймның өзінде 4:0 алда. Сол себепті спорт жақсы нәрсе. Қыздар балдар арасында болсын. Дамысын спорт.