ЗАҢСЫЗ ӨНДІРІЛГЕН ТАУАРЛАР ТӘРКІЛЕНДІ
ТҮРКІСТАН
2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Түркістан облысында заңсыз айналымнан 21,5 мың литр алкоголь өнімі, өндірілген орны белгісіз 103 мың қорап темекі және 412 тонна мұнай өнімі анықталды. Заңсыз акцизделетін өнімдердің жолын кесу үшін мемлекеттік органдар бірлескен жұмысты күшейтті. Сонымен қатар биылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне еніп, акциз мөлшерлемелері ұлғайды және акцизделетін тауарлардың тізбесі кеңейді. Енді энергетикалық сусындар мен қымбат автокөліктерге де акциз салынады. Сондай-ақ сыраны міндетті цифрлық таңбалау кезең-кезеңімен іске қосылып жатыр. Бұл өзгерістер көлеңкелі экономиканы азайтып, бюджет кірісін арттыруға бағытталған.
ЖАНАТ БАЙҒҰТ ОБЛЫСТЫҚ МКД ЖАНАМА САЛЫҚТАРДЫ ӘКІМШІЛЕНДІРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А
Бұл біріншіден мемлекетке залал, яғни мұнда міндетті түрде акциз есептелуі керек. Акцизделмеген тауар алдымен мемлекетке залал, халықтың тұтынуына да өте зиян.