680 ТҰЛҒА ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Takyryp
ГЕО: БЕЙНЕҚОР
GEO_Usti
ГЕО: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
GEO_Usti
Сарыағаш ауданында 15 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған. Мұны прокуратура қызметкерлері жүргізген талдау барысында анықтады. Тексеру нәтижесінде бірқатар мемлекеттік қызметші мен білім саласы қызметкерлерінің жұмыс уақытында шетелге шыққаны белгілі болған. Соған қарамастан олардың жалақысы толық көлемде төленген. Қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекет кірісіне 15 миллион теңгеден астам қаражат өндіріліп, 680 тұлға жауапкершілікке тартылды.
БАҚДӘУЛЕТ ТӘЖІМЕТ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САРЫАҒАШ АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
Талдау нәтижесінде 15 млн теңгеден астам бюджет қаражатын негізсіз жұмсау фактілері анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жұмыс уақытында шетелге шыққан қызметкерлермен қатар, аталған заң бұзушылықтарға жол берген басшылар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 50-бабы талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.