Атырау – Индер тас жолында ішіне 33 бала мінген автобус балшыққа батып қалды. Күре жолда жөндеу жұмыстары жүргіп жатқандықтан жолашуылар көлігі оны аыналып өтпек болған. Мұны сол маңда қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерлері бірден байқап, көмекке ұмтылған. Тәртіп сақшылары дереу жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеменің арнайы техникасын көмекке алып келді. Техниканың лайдан сүйреп шығармақ болған алғашқы әрекет сәтсіз болды. Темір трос үзіліп кетіп, қосымша тағы құрал-жабдықтар жеткізілген. Жедел әрі үйлесімді әркеттің арқасында жолаушылар қауіпке ұрынбай, автобус бағытын әрі қарай жалғастырған.