Елімізде балалардың абайсызда терезеден құлап кетуі жәйттері жиіліп барады. Мамандар мұндай қайғылы жағдайлардың басым бөлігі ата-ананың қарауынсыз қалған сәтте болатынын айтады. Осыған байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы терезе қорғанысын орнату мәселесі көтерілуде. Бұл қаншалықты тиімді? Тілшіміз анықтап көрді.
Жаз мезгілі басталғалы көпқабатты тұрғын үйлердегі ашық терезелер балалар үшін үлкен қауіпке айналады. Биылдың өзінде Түркістан облысында 2 бала терезеден құлаған. Қуанарлығы, екеуі де болғанда аман.Осындай жәйттерді болдырмау үшін құтқарушылар жыл басталғалы тұрғындарға 4500-ден астам ескерту парақшасын таратып, қауіпсіздік ережелерін түсіндірген. Мамандар әсіресе кішкентай баласы бар отбасыларға терезелерге арнайы қорғаныс торын оронатуды ескертеді.
ТАМЕРЛАН НҰРЛАНОВ- ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРІ
Тұқрғындар кішкентай балаларды ұйықтағандла терезені ашып қалдырмаса, Әсіресе терезе алдына жиһаз бен орындық қоюдан аулақ болса.
Бұл балалар қауіпсіздігіне арналған тор жасайтын цех. Маманның айтынша тапсырыс берушілер көбейген.
БЕЙБІТ ШЫМЫРБЕКОВ- КӘСІПКЕР
Қауіпсіздік торларын дәл осы жерде жасаймыз. ...... Жаңа қаладағы көпқабатты үйлердің біразына орнаттық. Жылдан жылға тапсырыс берушелр көбейуде.
Бүгінде қоғам тарапынан жаңа салынып жатқан тұрғын үйлерге балаларды қорғайтын терезе жүйесін міндетті түрде орнату туралы ұсыныстар да айтылып жүр. Өйткені жыл сайын елімізде балалардың терезеден құлау деректері тіркеледі. Сондықтан құтқарушылар ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға, терезе алдына жиһаз қоймауға және қауіпсіздік құрылғыларын орнатуға шақырады. Бір ғана сақтық шарасы баланың өмірін сақтап қалуы мүмкін.