ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАР САНЫ АЗАЙЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысында жұмыссыз жүрген жастардың саны азайып келеді. Биыл «Отбасының цифрлық картасы» жүйесінде NEET санатындағы 12 мыңнан астам жас тіркелсе, қазір олардың саны 8 мыңнан асады. Тұрақты жұмыс тапқан азаматтардың 1500-ден астамы өңірдегі «Мансап» орталықтары арқылы жұмысқа жолданған. Бұл бағытта әлі де қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық жастар орталығының басшысы облыс әкімінің қатысуымен өткен апталық мәжілісте баяндады. Ернар Бектаевтың сөзінше, биыл облыстағы 15-34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2 пайызға жетер-жетпес. Бұл өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген. Сондай-ақ, жастардың кәсіби бағдарын зерделеу мақсатында да біршама істер атқарылған.
СНХ: ЕРНАР БЕКТАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ БАСШЫСЫ
Түркістан облысында жалпы саны 18 жастар ресурстық орталығы мен 149 волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Өңірде 27 713 жас волонтер тіркелген. Сондай-ақ жастарға арналған 1540 үйірме жұмыс істейді. Жастардың кәсіби бағдарын зерделеу мақсатында биыл Республикалық «Жастар» ғылыми-зерттеу институтының мамандары аудан, қалаларда NEET санатындағы жастармен кездесулер өткізіп, оған 1700 жас қатысты. Нәтижесінде жұмыспен қамту және кәсіби бағдар беру бағытындағы ұсыныстар әзірленді.