Түркістан
EN

Ауыл шаруашылығы министрі елдегі қант өндірісі туралы мәлімдеме жасады

259
27.04.2022

Ел тұрғындары тұтынатын қанттың тек 7 пайызы ғана отандық зауыттарда өндіріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді. Мұндай көрсеткішке егістік алқаптарына судың жетіспеуі және қант зауыттарының тозуы себеп. Сондай-ақ ресейлік өндірушілер қантты төмендетілген бағамен сатуы да әсер етіп отыр. Осылайша еліміздің жыл сайын тұтынатын қант мөлшері 532 мың тоннаны құраған. Министр қант өндірісін 7 есе 254 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отырғанын айтты. Ал мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін 5-6 жылға субсидия берілуі тиіс.