Түркістан
EN

769 елді мекен мобильді интернетпен қамтылды

2
14.07.2026

Түркістанда 769 елді мекен мобильді интернет желісімен қамтылды. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте айтылды. Жалпы, өңірде 801 елді мекен бар. Бүгінде оның 769-ында 4G және 3G желісі бар. Ал 196 аумақта 5G  базалық станциясы іске қосылған. Қалған 32 елді мекен кезең-кезімен ғаламтормен қамтылатын болады. Аймақ басшысы, мобильді интернет пакеттерінің тиімділігіне талдау жүргізіп, нақты ұсыныс енгізуді тапсырды. 

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Егерде сіздер осы бағытта көзқарастарыңызды өзгертпейтін болсаңыздар  ертең сіздерде ешкімге керек емес болып қалып кетесіздер. Жаңаша ешнәрсе ойлап табудың қажеті жоқ. Нақты жоспар бар, тапсырма бар соны дер кезінде орындау керек. 

Ал байланысы әлсіз 95 аумақтың 72-сіндегі мәселе шешілген. Қалғаны жыл соңына дейін реттеледі. Бүгінде өңірдегі 372 ауылға «Қолжетімді интернет» жобасы аясында талшықтық-оптикалық желі тартылып жатыр. 

БАҚДӘУЛЕТ АБАЙ – ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛАНДЫРУ, МҚК ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А. 

Облыс аумағындағы республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарды 4G  интерн желісімен қамтамасыз ету үшін 5 нүкте