Түркістан облысында астық жиналуда

6
2026-07-10

Биылғы жыл түркістандық дихандар үшін ырысты болайын деп тұр. Еліміз бойынша алғашқы болып астық ору науқанына кіріскен шаруалар егістіктің әр гектарынан 16,5 центнерден өнім алып жатыр. Соның нәтижесінде биыл қамбаға былтырғыдан   артық  дән құйылмақ. Мұндай берекелі іс егіс алқаптарында агротехникалық шаралардың дер кезінде әрі сапалы жүргізілуі арқасында мүмкін болып отыр.