Түркістан
EN

Еркебұлан Дауылбаев Қазығұрт ауданындағы әлеуметтік нысандарды аралады

68
10.07.2026

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев Қазығұрт ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Жұмыс сапары барысында білім беру ошақтарының ахуалы, инфрақұрылымның жай-күйі мен заңсыз құрылыс мәселелері жіті қаралды. Жауапты тұлғалардың салғырттығынан ғимарат астына су кетіп, мектеп құрылысы тоқтап тұрған нысандар қатаң сынға алынды.