Төлеби ауданында облыстағы үкіметтік емес ұйым мүшелері бас қосты. Жиында жаңа Конституциядағы өзгерістер мен жаңашылдықтар сөз болып, негізгі қағидаттары түсіндірілді. Сондай-ақ, қоғамдық ұйымдардың әлеуетін арттыру және өзара тәжірибе алмасудың маңыздылығы айтылды. Жиынға қатысушылардың сөзінше, мұндай кездесулер азаматтық қоғам өкілдерінің өзара байланысын күшейтіп, ортақ бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әрі аймақтағы қоғамдық ұйымдар бүгінгі тыныс-тіршілігі мен қолға алған әлеуметтік жобаларын таныстырады.