Үш елді мекенге газ тарту жұмыстары жүргізілуде

40
2026-07-10

Жыл соңына дейін Бәйдібек ауданындағы елді мекендер 100 пайыз табиғи газға қосылады. Қазірдің өзінде аймақтағы 50 ауылдың 43-і көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Борлысай ауылдық округіне қарасты Қошқарата, Кеңсай, Шұқыршақ ауылдарында газ тартылып, ондағы құрылыс жұмыстарының 70 пайызы аяқталды. Жауаптылар көпұзамай Ақтас елді мекеніне де табиғи газ жеткізуге ниетті.