Вусонг университетіне қабылдау басталды

39
2026-07-10

Шетелге шықпай-ақ, оңтүстіккореялық жоғары оқу орнының  дипломын алуға болады. Түркістан төрінде Орталық Азияның басты IT хабына айналған халықаралық «Woosong» университеті құжат қабылдауды бастады. Болашақтың мамандығы саналатын жасанды интеллект пен деректер ғылымын енді өз елімізде, әлемдік стандартпен меңгеруге толық жағдай жасалған. Ең бастысы биыл жастар үшін тегін оқуға берілетін грант саны екі есеге көбейіп отыр.