Түркістан
EN

Сарыағаштағы құрылыс нысандары тексерілді

24
10.07.2026

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев Сарыағаш ауданындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Жұмыс сапары барысында әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысы зерделеніп, жауапты мердігерлер мен сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Әсіресе құрылыс сапасы мен абаттандыру ісіне және құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау мәселесіне баса назар аударылды.