Түркістан
EN

Су шаруашылығы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

5
10.07.2026

Биыл жауын-шашынның мол болуынан Түркістан облысындағы қоймаларға су жеткілікті жиналды.  Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда су қоры 2,4 миллиард текше метрге артқан. Осы салада еңбек етіп жүрген 2 мыңнан астам маман биылғы кәсіби мерекелерін осындай жетістіктермен қарсы алды. Аймақтағы ирригациялық жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, егістікке тіршілік нәрін жеткізіп, халықты ауыз сумен қамтып отырған сала қызметкерлеріне арналған салтанатты шара Ордабасы ауданындағы «Бөген» су қоймасында өтті.