Биыл мемлекеттік бюджетке салықтан 6 млрд теңге кіріс түскен. Оның 2 млрд теңгеден астамы камераның назарына іліккендер. Сондай ақ, жер қойнауын пайдаланушылар мен өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бағыты да бар. Кедендік заңнамалардың сақталуы бойынша да нәтижелі істер атқарылған. Нәтижесінде, гашиш, марихуана секілді есірткі заттарын алып өтудің 27 фактісі анықталды. Сондай ақ, мұнай өнімдерін шекарадан заңсыз алып кетудің 77, валютаны заңсыз алып өтудің 3 дерегі анықталды. Оңай олжа іздеген жалпы соммасы 64,3 мың АҚШ доллар қаржатын шекара асыруға әрекеттенген.