Елімізде құрғақшылыққа қарсы жаңа технология пайда болды. Шымкенттік ғалымдар егіндегі ылғалдылықты сақтап тұратын экологиялық таза гидрогель ойлап тапты. Мұхтар Әуезов атындағы зерттеу университеті мамандарының айтуынша, жаңа өнім мақта қалдықтарынан әзірленген. Кез келген егін аймағына тыңайтқыш секілді себіліп, сол арқылы құрғақшылық басталған өліара шақта өсімдік тамырларын қурап кетуден сақтай аламыз,-дейді ғалымдар