Түркістан облысында балық шаруашылығы жыл сайын дамып келеді. Қазірдің өзінде өңірдің аквашаруашылық саласында 200-ге жуық нысан бар. Биыл саланы одан әрі дамытып, субсидиялауға облыстық бюджеттен 500 млн теңге қаражат бөлінді. Бұған дейін мемлекеттен қолдау алып, шаруашылығын дөңгелетіп отырғандардың бірі - Болат Тоқтаров. Түлкібастық кейіпкердің бүгінгі кәсібі туралы тілші баяндайды.