Түркістандық балуан Азияны бағындырды. Таиландтың Паттайя қаласында өткен боз кілемдегі бәсекеде қарсыластарын шаң қаптырып, айқын басымдықпен топ жарған Бекасыл Асамбек туған жерге оралды. 20 жасқа дейінгі жастар арасында 60 келі салмақта алтыннан алқа таққан чемпионды Түркістан халықаралық әуежайынан жанкүйерлері мен туған-туыстары зор қошеметпен күтіп алды. Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісіне бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ бұл тынымсыз дайындық пен бапкерлердің жүйелі еңбегінің жемісі. Енді ол алдағы уақытта Словакияда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғамақ.