Бір отбасын өлтіру ісі бойынша қылмысты жасырды деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиевтің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды. Тергеу барысында оның әрекетінен қылмыстық құқық бұзушылық құрамы анықталмаған. Еске сала кетейік, былтыр Атырау облысында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалып, кейін олардың мәйіттері әртүрлі жерге көмілген күйде табылған болатын. Қылмысқа қатысты марқұмдардың бұрынғы күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті ретінде халықаралық іздеуге жарияланып, кейін ұсталды. Ал оның бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева қылмысты жасырды деген күдікпен тергелген еді. Алайда жүргізілген тергеу нәтижесінде бұл күдік расталмай, бүгінде оған қатысты қылмыстық іс ресми түрде тоқтатылды.