Шекарадан заңсыз жанармай алып өтпек болған

22
2026-07-09

Елден жанармайды заңсыз алып өтпек болған жүргізушілердің қылмысы әшкереленді. Ішкі істер министрлігі шекарадан жанар-жағармайды жасырын алып өтпек болған көліктерді жаппай тексеруге кірісті. Қазір шекарадағы өткізу бекеттерінің маңында 59 арнайы полиция бекеті жұмыс істеп тұр. Тәртіп сақшылары жыл басынан бері көлігіне заңсыз қосымша бак орнатып алған 255 жүргізушіні ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олардың басым бөлігі, яғни 195-і шетелдіктер, ал 60-ы өз азаматтарымыз. Автокөлік жүргізушілерінің  заңсыз орнатқан бактары түгелімен тәркіленді. Құзырлы органдар мұнай өнімдерінің сыртқа тасымалдануы бұдан былай да қатаң бақылауда  болатынын ескертеді