Сарығаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекетінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Нысанды заман талабына сай қайта жаңғырту үшін 11,6 млрд теңге қаржы қаралған. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев шекара шебіне арнайы барып, құрылыс сапасын көрді. Жаңа келбетке енетін кеден бекеті жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Нәтижесінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы барыс-келіс арта түседі,-дейді жауаптылар. Алты жолақты бекет тәулігіне 70 мың адамды, 2 мың автокөлікті және 200 автобусты өткізуге қаурқарлы.