«Сарыағаш» теміржол вокзалының құрылыс жұмыстары да аяқталуға жақын. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына барған сапарында нысандағы құрылыс жұмыстарын да көрді. Өңір басшысы жұмыстың орындалу барысына қатысты сын-ескертпелер айтып, мердігер мекемеге жұмысты жеделдетуді тапсырды. Жауаптылар нысанды тамыз айының соңына дейін пайдалануға беруді жоспарланып отыр. Қайта жаңғырту нәтижесінде вокзал ғимаратының жалпы аумағы бірнеше шаршы метрге ұлғайып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалмақ. Вокзал тәулігіне 150-ден астам жолаушы мен 5 жұп пойызға қызмет көрсетеді.