Елімізде жыл басынан бері дропперлердің шоттары арқылы 112 млрд теңгеден астам заңсыз операция жүргізілген. Биыл қаржылық мониторинг агенттігі осындай заңсыз әрекеттермен айналысқан 33 дропперлік топтың қызметін тоқтатты. Оған 500-ден астам азаматтық қатысы бар екендігі анықталды. Олардың арасында кәмелетке толмаған балалар да бар.Мәселен, Түркістан облысында дропперлік схема telegram мессенджеріндегі жасырын куратор арқылы басқарылған. Ол студенттер мен кәмелетке толмағандарға сыйақы ұсынып, интернет-банкингке қолжетімділікті беруге көндірген. Соның салдарынан 20-дан астам жас тергеуге тартылды.