Түркістан
EN

Қазығұртта бірнеше ауылды су басып, мал қырылып қалды

221
26.04.2022

Түркістан облысында жаңбырдың соңы селге айналып, Қазығұрт пен Сарыағаш аудандарындағы 5 елдімекен зардап шекті. Шығын көлемі әлі де нақтылануда.. Қазір  қауіптің беті қайтқан. Алайда үй-жайынан, мал-мүлкінен айырылған жұрт шығынды кім өтейді деп шыр-пыр болып отыр. Ал ауыл әкімі халықты сабыр  сақтауға шақырды. Табиғи апаттан келген залал көлемін арнайы құрылған комиссия есептейді. Әр тұрғынның шығыны өтелетінін айтады. Әзірге бұл ауылда 12 үйді су басқаны белгілі. Қызылсеңгірдегі жағдайды іргелес Қақпақ ауылы да бастан кешті. Мұнда ағыл-тегіл нөсерден өзені арнасынан асып, ауылды шайып кеткен. Тұрғындар әзірге  туыстарының үйін паналауға мәжбүр. Сондай-ақ, ауданда зардап шеккен тұрғындарға көмектесуге ерікті топтар жұмылдырылған. Олар қираған үй-жайларды қалпына келтіруге көмектесіп жатыр.