«Ауыл аманаты» жобасы аясында 5 мыңға жуық жұмыс орны жасақталды

4
2026-07-08

Түркістан облысында соңғы үш жылда «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға 30 миллиард теңге бөлініп, нәтижесінде бес мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы облыс әкімдігінде аймақ басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Жиында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әлібек Плалов бағдарламаның бүгінгі нәтижелері мен алдағы жоспарларын баяндады. Оның айтуынша, өңірде 593 жылыжай кешені салынып, 4223 шағын кәсіпкерлік жобасы жүзеге асқан. Сондай-ақ, 79 ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорны іске қосылған.