Су саласын дамыту мақсатында 3,2 трлн теңге болатын 160 іс шара жүзеге асырылуда

4
2026-07-08

Елімізде су тапшылығының алдын алу және су инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары күшейтіледі. Келер жылы еліміздегі 142 ауылдың тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізеді. Бұл жарты миллионнан астам адамның тұрмысын жақсартуға мүмкіндік бермек. Қазір ел бойынша су саласында құны 3,2 триллион теңге болатын 160 жоба жүзеге асып жатыр. Соңғы екі жылда бес су қоймасы жаңартылып, мың жарым шақырымға жуық суару каналы жөнделген. Биыл су үнемдеу технологиясы енгізілген егіс алқабы бес есеге ұлғайып, 550 мың гектарға жеткен. Алайда кей өңірлердегі жобалар әлі де кешігіп жатыр.  Осыған байланысты Премьер-министр әкімдіктерге гидротехникалық нысандарды жаңарту жұмыстарын жеделдетіп, уақытылы қаржыландыруды тапсырды. Сондай-ақ енді нысандарды цифрландыру мен қауіпсіздігін күшейту жұмыстары қатаң бақылауда болады.