«Таза қазақстан» түркістан облысында «tazaqazbot» ақпараттық жүйесіне 1119 өтініш түскен

9
2026-07-08

Түркістан облысында жыл басынан бері «TazaQazBot» ақпараттық жүйесіне мыңнан аса өтініш келіп түскен. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қатысуымен өткен мәжілісте айтылды. Қазіргі уақытта барлық өтініштер бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда санитарлық талаптарды бұзғандарға 131 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Бұдан бөлек, биыл өңірде 1 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспарланып, бүгінге дейін 332 мыңнан астам көшет егілді. Ал облыс көлемінде 3 мыңнан астам экологиялық іс-шара ұйымдастырылып, оған 300 мыңнан астам тұрғын қатысқан.