Түркістан облысында теологтар мен ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыруға мақсатында оқу-тренингі өтті. Бағдарламада шешендік өнер, аудиториямен тиімді байланыс орнату, ақпаратты сауатты жеткізу және күрделі сұрақтарға кәсіби жауап беру тәсілдері практикалық форматта оқытылды. Мамандар халықпен жұмыс барысында қолданылатын заманауи коммуникация әдістерін меңгеріп, тәжірибе алмасты. Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары өңірдегі дін саласы мамандарының кәсіби даярлығы республика көлемінде жоғары бағаланатынын атап өтті.