Қауіпті видео авторлары жауапқа тартылды

5
2026-07-08

Талдықорғанда қоғамға қауіп тудыратын видеолар әзірлеген азаматтар жауапқа тартылды. Заңбұзушылықты Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықтаған. Бейнероликте 19 жастағы бойжеткен автокөлікпен келе жатып, көліктің терезесінен шығып, сусын ішіп, қоқысты жол бойына лақтырған. Ол мұны  ойын-сауық орындарының бірін жарнамалау мақсатында түсіргенін айтады. Алайда, құқық қорғау органдары іс-әркеттің заң талаптарын бұзуға және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіруге себеп болғанын жеткізді. Сондықтан кінәлі тұрғын ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылды.