Түркістан облысында құрылыс хабын қалыптастыру бағытында келіссөз жүргізілді

6
2026-07-08

Түркістанда сантехникалық өнімдер шығаратын заманауи өндіріс орны ашылады. Бұл туралы қытайлық инвесторлар аймақ басшысымен басқосу барысында мәлімдеді. Жоба жүзеге асса, өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті артып, импорттық тауарларға тәуелдікті азайтуға  мүмкіндік береді. Сондай ақ, жаңа жұмыс орындары ашылады. Жобаның жай күйімен танысқан облыс әкімі құрылыс индустриясын дамытуға бағытталған бастамалардың маңызы жоғары екенін айтты. Сондықтан жан-жақты қолдауға дайын екенін жеткізді. Кездесу соңында тараптар ұсынылған жобаларды зерделеп, ынтымақтастықты дамыту бағытындағы келссөздерді жалғастыруға уағдаласты.