Бопсалау қылмысын жасаған арнайы топ құрықталды

7
2026-07-07

Павлодар облысында бірнеше рет бопсалау қылмысын жасаған  топ құрықталды. Заңсыз әрекет полиция қызметкерлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген арнайы операция барысында анықталған.  Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер азаматтарды қорқытып-үркіту арқылы олардан жүйелі түрде ақша талап етіп отырған. Зардап шеккендердің қатарында жоғары оқу орындарының студенттері мен ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері де бар. Жүргізілген тінту барысында ақша, ұялы телефондар, банк карталары, құжаттар және қылмыстық іс үшін дәлелдемелік маңызы бар өзге де заттар тәркіленді. Сонымен қатар күдіктілер пайдаланған автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Қазір қылмыстық іс тіркеліп, өзге де тергеп-тексеру жұмыстары басталып кетті.