25 отбасы баспаналы болды

7
2026-07-07

 Созақ ауданында 25 отбасы баспаналы болды. Аудан орталығындағы Жеткіншек мөлтек ауданында әлеуметтік осал санаттағы азаматтар мен көпбалалы отбасыларға жаңа пәтер берілді. Салтанатты рәсімге аудан тұрғындары, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен жаңа қоныс иелері қатысты. Бұл – өңірде тұрғындарды баспанамен қамту бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесі.